Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық шенеунік мүлкін тіркеу мақсатында жалған құжат пайдаланған

Павлодар қаласының №2 сотында сәулет және қала салу бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды, шенеунік ҚР ҚК-нің 3-бөлімінің 24-ші және 190-баб, 1-бөлімінің 369-бабы, 2 тармағы бойынша мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

суд_лого (1)

Бұл туралы STAN.KZ Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шенеунік ҚР ҚК-нің 3-бөлімі 24-ші және 190-баб, 1-бөлімінің 369-бабы, 2 тармағы бойынша –  мемлекеттік қызмет атқаратын өкілетті тұлға жасаған алаяқтық, қызметтік жалған құжат жасау, яғни, мемлекеттік қызмет атқаратын өкілетті тұлғаның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәіметтер беруі, өзінің бас пайдасы мақсатында жалған құжат беру бойынша қылмыс жасады- деп айыпталды.

Іс материалдарынан анықталғандай, Павлодар қаласында тұратын әйел өз пәтерін қайта жоспарлауды ұйғарып, өкілетті мемлекеттік органдардан тиісті рұқсат беру құжаттарын алмақ болды. Ол құжаттарды рәсімдеу үшін танысы Е.-ге өзінің мүддесі үшін нотариалдық сенімхат жасауға ұсынды. Сәулет және қала салу бөлімінде азамат Е-ге шенеунік 25 мың теңгеге қысқа мерзімде қайта жоспарлау құжаттарын әзірлеп, рәсімдеуді ұсынды. Айыпталушы өзі «Бөлмені қайта жоспарлау туралы» жалған бұйрық шығарып, бөлімнің мөрімен куәландырды.

Сәуір айының соңында маман Е.-ге көрінеу жалған мәліметтер жазылған құжатты ұсынды, ал ол оған 25 мың теңге берді. Ақшаны алғаннан кейін шенеунікті Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстады.

Сот Т.-ны айыпты деп танып, мүлкін тәркілемей үш жылға бас бостандығынан шектеуге және өмір бойы мемлекеттік  органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айыруға жаза тағайындады.

 

Талқылау