Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық өзінің пәтерін өзі тонаған болып шықты

Букмекерлік кеңседе 7 млн теңгесін ұтылған Павлодар қаласының тұрғыны өз пәтерін өзі тонаған болып шықты. Тіпті, оқиға орнына полицияны өзі шақыртқан екен.

Бұл туралы Stan.kz Павлодар облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үйді қарап шыққан полицейлер ұрлық ізін таппаған. Тек бөлмелердің іші шашылып, жиһаздар орындарынан қозғалтылған. Үй иесі өз кезегінде көп соммадағы ақшаның ұрланғанын айтқан. Тергеушілер көршілерден сұрастыра келе, үйдің маңындағы ғимараттың видео бақылауын тексерген. Артынша аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық жасау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Полиция істі ары қарай тексере келе үй иесінің құмар ойындарға тәуелділігі барын анықтаған. Ол “ұрлық жасалғаннан” бір күн бұрын букмекерлік кеңселердің бірінде үш жарым миллион, ал үйі тоналған күні 12 мың доллар ұтылып қалған. Мұның барлығы букмекерлік кеңселердегі таспаларға жазылған. Осылайша ер адам бұл тәуелділігін туыстарынан жасырып қалмақ болған.


Жіберіп алмаңыз:

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

Талқылау