Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық оқушылар сегіз жастағы Сашаға протез қол табыс етті

Павлодарда дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі информатика пәнінің мұғалімі Ерхан Міндетбай мен 11-сынып оқушылары Ғалымбек Әбішев, Марат Абылқайыров сегіз жастағы Саша Соколовқа 3D принтерінде шығарылған қолдың протезін табыс етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

IMG_1160.e8e29a005ae6f678cf2324ae5600701d17742

Саша дүниеге келгенде сол жақ қолының саусақтары болмаған. Дегенмен, бұл оның № 17 жалпы орта білім беру мектебінің гимназиялық 2-сыныбында озат оқушылардың қатарында білім алуға кедергі емес. Ерхан Міндетбай павлодарлық дәрігерлер арқылы протезге мұқтаж баланы ұзақ іздеген.

IMG_1147__

Алайда Сашаны кездейсоқ көшеден жолықтырған.

« Біз оқушыларымызбен бірге протез жасаумен айналысатын халықаралық «е-NABLE» қауымдастығына мүшеміз. Бұл істі қолға алуда 3D принтерін сатып алып, Африка елінде оның қалай жұмыс істеу керек екенін көрсеткен адамның өмірі түсірілген видео себеп болды. Енді мүмкіндігі шектеулі адамдар жасанды қол мен аяқты өздері басып шығара алады», – дейді  Міндетбай.

Өткен жылдан бері ұстаз оқушыларымен бірге Скетч Ап бағдарламасын меңгере бастаған. Сондықтан мектеп оқушылары саусақтары жоқ адамдарға механикалық қолдың протезін басып шығара алатын 3D принтерін сатып алған.

Алдағы уақытта жобаны жасаушылар электр жүргізгіші қолданылатын автоматтандырылған қол жасап шығаруды жоспарлап отыр. Бұдан кейін балалар ұстаздарымен бірге сенсорлы құрылғы орнатылған, иықтағы жүйке талшықтарынан импульсті ұстайтын модельді жасамақ. Мұндай протезді қолынан айырылған адамдар пайдалана алады.

 

 

Талқылау