Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық оқушы Рубик ойыншығын әлемдік рекордшыдан да жылдам құрастырды (видео)

Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын Оразалы Сұлтанахметов Рубик ойыншығын небәрі 4 секундта құрастырды.

24041412-5615-4816-ae93-a0884b44cf26

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Дәл осы Рубик ойыншығын құрастыру бойынша әлемдік рекордшының көрсеткіші 4,75 секунд екен.

Дегенмен павлодарлық оқушының рекорды есепке алынбайды. Оның көрсеткіші ресми түрде есептелуі үшін қандай да бір халықаралық шара кезінде көрсетуі тиіс.

“Осы жазда Астанада Рубик ойыншығын жинау бойынша халықаралық жарыс өтеді. Сонда барып, өзімнің әлемдік рекордымды көрсеткім келеді”, – дейді Оразалы.

Ал бұл видеода оқушы агенттіктің өтініші бойынша ойыншықты асықпай, 10 секунд көлемінде құрастырып шыққан.

Талқылау