Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық оқушы мейрамхана басшылығынан электронды ас мәзірін жасауға ұсыныс алды

Павлодарда дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Шыңғыс Рахад жуырда ғана ашылған «Сұлтан Сүлейман» мейрамханасына электронды әс мәзірін жасау туралы ұсыныс алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

оқушы

Бұл туралы агенттікке білім беру ордасының информатика пәні мұғалімі Ерхан Міндетбай мәлім етті. – Қазіргі таңда Шыңғыс мейрамханаға арнап Андройд платформасында жасалған мобильдік ас мәзірі бағдарламасын дайындай бастады.

«Мұндай ұсынысты тамақтану орнының иесі Расул  Өзтүрік жасап отыр.  Тағамдарға қатысты мәліметтер қолға түскен соң, жоба екі аптадан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін. Ең бастысы, «E-menu» қызмет көрсету сапасын жақсартып, тапсырыс беруді жеңілдете түседі, – дейді Міндетбай.

Аталмыш жобаға жетекшілік жасап жүрген ұстаздың айтуынша, дәстүрлі қағаз ас мәзірін планшетке ауыстырудың пайдасы зор. Андройд платформасына арналған мобильдік бағдарлама арқылы электронды ас мәзірінде тағамның түрі, суреті, бағасы, құрамы көрсетіледі.

 

 

Талқылау