Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық кәсіпкерлер зейнеткерлерге азық-түлікті тегін таратуда

Павлодар облысының Ақсу қаласында іскер азаматтар зейнеткерлерге қолдау көрсетіп жатыр. Олар қарияларға күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерін тегін таратады.

426462f5b4905ffbf684cfd32eccfdb3-big

Сурет forbes.kz сайтынан алынды

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Бұрын-соңды болмаған дағдарысқа қарсы шараны жеке дүкен иесі Россана Кораблева қолға алды. Кәсіпкер өзінің тұрақты тұтынушылары, яғни қарияларға ас атасын тегін таратқан. Енді міне нан кезегін шаһардың көмекке мұқтаж басқа да жандары толтыра бастады. Аптасына бір рет дүйсенбі күні нанды тегін таратып отырған іскер әйелдің қайырымдылық бастамасын басқа кәсіпкерлер іліп әкетті.

Коммуналдық базарлар картоппен сәбізді 2 келіден тегін үлестіріп отыр. Қарияларға зейнеткерлік куәлігін көрсетуден басқа талап қойылмайды.

“Бұл – жүректен шыққан жылылық. Өзім бастама көтердім, егер жақсылық жасайтындай жағдай туып жатса, неге көмектеспеске?!” – дейді кәсіпкер Россана Кораблева.

Коммуналды базар да зейнеткерлер үшін арнайы орын бөліп, картоп, сәбіз, нан секілді қажетті азықтарды тегін беріп жатыр.

Талқылау