Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ауыр жүрек ақауымен туған екі сәби дертінен айықты

Сәбилердің екеуіне де Павлодар облыстық кардиологиялық орталығында  бұрын-соңды мұндай ота қолға алынбаған.

IMG_0754.e8e29a005ae6f678cf2324ae5600701d15453

Бұл туралы Рavlodarnews.kz хабарлады

Сәбилердің екеуіне де Павлодар облыстық кардиологиялық орталығында операция жасалды. Орталықта бұрын-сонды мұндай ота қолға алынбаған. Марк Пилипенко (суретте оң жақта) қолқаның шектік тарылуы дертімен дүниеге келді. Соның салдарынан қан дұрыс айналмайды.

«Жүрек ақауы нәресте бір жарым жастан асқан кезде кеш анықталған», – дейді кардиоорталықтың туа біткен жүрек ақауы бөлімінің меңгерушісі Тимур Райымханов.

«Бала өте ауыр халде түсті. Жүрегі кеңейіп, үлкейіп, шар тәрізді пішінді, ал қалқаншалары өткізгіш болып кеткен. Осының салдарынан жүрек жетімсіздігіне шалдыққан. Біз оны жедел отаға қабылдадық. Бұған дейін мұндай ота қан кету қауіпі болғандықтан, Павлодарда жасалмаған. Марк хирургиялық ота жасалмағанда жағдайда тірі қалмайтын еді. Қан кетуді тоқтатқанмен басқа да қиындықтар туындады. Дерт асқынған болғандықтан ота кезінде жүрек бірнеше рет тоқтап қала жаздады. Дегенмен барлығы сәтті өтті. Қолқаны кеңейтіп, жүрек қалыпты пішінмен өз орнына келді және дұрыс жұмыс істей бастады.

Енді Маркке ешбір операция қажет емес. Ол болашақта спортпен шұғылдана алады. Мұхамедқали Якуб екі ай бұрын қарынша аралық қалқа дертімен дүниеге келген. Бала дерттің салдарынан тамақтана алмаған және салмақ қоспай, демігіп қалатын. Мұндай кішкентай балғындардың денесі нәзік болғандықтан ота жасау өте ауыр. Алайда Мұхамедқалиға пластика жасалды. Ақау жойылып, төрт апта бойы жансақтау бөлімінде күттік. Ал бүгін оның толық жазылғанына көзіміз жетті.

Бұдан басқа, туғанына бес-ақ күн болған, салмағы екі келі шақалаққа ота жасалды. Оның диагнозы – өкпе артериясының артезиясы мен фалло төрттігі. Бұл сирек кездесетін жағдай. Баланың өкпені қамтамасыз ететін өкпе күретамыры жабылып қалған. Салдарынан артерияның қызметін артериялық тармақ өзіне алады да бала туған кезде тізбек бектіледі.

Ал бұл жағдайда кардиологтар сәбиге ота жасағанға дейін тізбектің жабылуына жол бермеді. Операцияның нәтижесінде баланың өміріне туған қауіп жойылды. Енді оған өкпе күретамырын қалыпқа келтіру бойынша тағы бір ота жасалды. Аз салмақпен туған бұл бала – павлодарлық кардиохиругртар ота жасаған алғашқы сәби».

Талқылау