Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық дәрігерлер қоқыстан табылған сәбидің тегін өздері қойды

Павлодарлық дәрігерлер қоқыстан табылған сәбидің уақытша тегін жазып берді.

Сәбидің туыстары бүкіл Павлодар облысы бойынша іздестіріліп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тәулік бойы бақылауда. Аурухана қызметкерлері сәбиге есім бермесе де, оның тегін Дүйсембек деп жазып қойыпты. Сәбидің тегін осылайша қоюға оның дүиеге келген күні себеп болыпты, деп хабарлайды pavlodartoday.com порталына сілтеме жасап Stan.kz.

«Сәби белсенді. Жағдайы тұрақталды. Сүт қоспасын ішеді. Бүгінгі күн аздап салмақ қосқан», – дейді Павлодар облыстық перинатальдық орталықтың бөлім меңгерушісі Шолпан Құрманова.

Ал сәбидің жағдайына алаңдаған палодарлықтар оған киімдер әкеліп жатыр. Сәби қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етілген.

Дәрігерлер баланы асырап алу үшін өңірлерден хабарласып жатқанын айтты. Алайда сәбидің туыстары туралы әзірге ештеңе белгісіз. Полицейлермен бірге паронажды мейірбикелер де сәбидің туыстарын іздестіруде. Олар қаңтар айының басында ұл бала дүниеге келген отбасылардың барлығын аралап жүр.

«Сәбидің ата-анасын, аталған оқиға куәгерлерін анықтауға бағытталған тергеу шаралары, шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оған Палодар облысы ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Іздестіру шаралары тек Павлодар қаласында емес, облыстағы қалалар мен аудандарда жүргізілуде», – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Оқи отырыңыз:

Желіде Әблязовтың сыбайласы болуы мүмкін кәсіпкердің «салтанатты өмірін» әшкерелейтін видео пайда болды (видео)

Білім министрлігі ҰБТ-ның алынып тасталатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Ұстазының тойында асыр сала билеген Мейрамбек Бесбаев көпшілікті таңғалдырды (видео)

Талқылау