Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық бойжеткен атасының әскери наградаларын ұрлаған

 Павлодарлық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 21 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

награда

84 жастағы зейнеткер пәтерінен екінші деңгейлі Отан соғысы ордені, ҰОС ардагері, марқұм күйеуінің 15 медалі және 50 мың теңге қаражат жоғалды деп полицияға шағым түсірген. Зардап шегушінің айтуынша, сол күні немересі мен күйеу баласы қонаққа келген.

Жоғалған ордендер мен медальдар кінәсін мойындаған күдіктіден табылды.

ҚР ҚК 188-бабы, 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Талқылау