Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық азамат бұрынғы әйелін алимент төлемегені үшін сотқа берді

Баласының өміріне жауапсыз қараған анадан әкесі сот арқылы алимент өндіруге  шағым түсірген, – деп жазады Ертіс аудандық сотының баспасөз  қызметі.

ссссс

Шағымданушы 2009 жылы бұрынғы әйелімен бірге тұрған. Балалары да сол жылы дүниеге келген. Алайда, сәби бір жасқа толған кезде анасы оны әкесімен қалдырып кеткен. Баланың әкесі  бұрынғы әйелімен заңды некеде болмағандарын айтады. Арызданушы осы мәселеге байланысты соттан баланы өз атына жаздырып, анасын алимент төлеуге міндеттеуді сұраған.

Сот шағымданушының өтінішін қанағаттандырған. Бірақ, сот үкімі әлі заңды күшіне енбепті.

Талқылау