Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаев – «Алтын домбыра» иегері

Алматыда Республика сарайында екі күн бойы өткен «Тәуелсіздікке тағзым» атты тақырыпта «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

Аспанбек

Кеше айтыстың бірінші турында 22 ақын 11 жұп болып айтысқан болатын. Бүгін ақтық сынға шыққан ақындар айтысының қорытындысы белгілі болды. Ақтық сайысты тамашалауға Алматы әкімі Бауыржан Байбек арнайы келді.

Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаевқа бұйырды. Ол «Алтын домбыра» мен 3 млн. теңгені қанжығасына байлады. Сонымен бірге бұл ақын 150 мың теңге болатын ынталандыру сыйлығына да ие болды.

Бірінші орын қостанайлық азулы ақын Айбек Қалиевке бұйырды. Ол 2 млн теңге алды. Екінші орын алған Иранғайып Күзембаев пен Мейірбек Сұлтанхан 1 млн. теңгені еншіледі. Үшінші орын үш ақынға бұйырды. Олар – Қалижан Білдәшев, Жансая Мусина мен Еркебұлан Қайназаров (500 мың теңге).

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы «Алтын домбыраның» алғашқы иегері қызылордалық Мұхтар Ниязов болды. Келесі жылы бұл бәйгенің бас жүлдесін Жандарбек Бұлғақов иеленсе, 2014 жылы Балғынбек Имашевтің еншісіне бұйырған болатын.

Талқылау