Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарға Ниццадағы теракт кезінде құрбан болғандардың денесі жеткізілді

Жергілікті уақытпен сағат 14.05-те Павлодарға Панченко отбасының денелерін тиеген Embraer 190 ұшағы келіп қонды. Олар Ниццадағы теракт кезінде қаза тапқан болатын.

еее

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Еске сала кетсек, Франциядағы қанды теракт кезінде төрт Қазақстан азаматы қаза тапты. Олардың арасында Павлодар тұрғындары, бір отбасының мүшелері Любовь, Марина және Сильвия Панченколар бар. Сильвияның жасы небәрі 3-те, ол 2013 жылы туған.

Қайғылы жағдайдан соң жоғалып кеткен павлодарлық отбасыны әлеуметтік желі арқылы отандастары іздеген де болатын.

Павлодардағы Luxury House әшекей сауда үйінің иесі Леонид Панченко бүкіл отбасынан айырылып қалды. Қайғылы оқиға болатын күні әйелдер Ниццадағы фейерверктерді көруге кеткен кезде, Леонид үйде жалғыз қалыпты. Деректер бойынша, Панченколардың Ниццада жеке баспаналары болған.

Павлодарлықтар әлеуметтік желі арқылы жерлестерінің қайғылы қазасына көңіл айтуда. Оларды ертең ақтық сапарға шығарып салатын болады.

Отбасының досы Тимур Тилинин Қазақстанның Францияда дипломотиялық міндетін үздік атқарғаны үшін алғыс айтты.

“Олар кінәсіз адамдар еді, бір демде теракт құрбандарына айналды”, – дейді Марина Панченконың сыныптасы, досы Тимур.

Еске салсақ, Ниццадағы теракт 14-інен 15-ші шілдеге қараған түні болды. Алып жүк көлігін тізгіндеген террорист көп адам шоғырына қарай көлікті бағыттап, қанды қырғын жасаған.

Талқылау