Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарға барған Назарбаев жергілікті дәрігерлерге астарлы қалжың айтты (видео)

Бүгін жұмыс сапарымен Павлодарға барған Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті дәрігерлердің көңілін бір серпілтіп тастады. Мемлекет басшысы алдымен Керекудегі нефрология және эфференттік терапия орталығына ат басын тіреген. Ондағы мамандардың біліктілігіне қатысты Елбасы астарлы қалжың айтты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

през

Сурет pavlodarnews.kz

“Енді барлығы сіздерге байланысты. Дәрігерлер үш бағытта жұмыс істейді деп айтады ғой: біріншілері “Құдайдан” дейді, екіншілері “Құдай жар болсын” деп айтады, ал үшіншілері “Құдай басқа салмасын” дейді. Мен сіздер “Құдайдан” деп үміт ететіндер деп ойлаймын”, – деді президент.

Жалпы құны 330 млн теңгеден асатын бұл орталық бүйрек ауруларына шалдыққан науқастарға қажет 25 жаңа аппаратпен жабдықталған. Әрі медициналық көмек тегін көрсетіледі. Былтыр қарашада ашылған мекемеде бүгінге дейін оншақты науқастың бүйрегі ауыстырылған екен.

Бұдан соң президент күйдірілген кокс шығаратын кәсіпорынға барды. Олардың өнімі Қытайдан әкелінген импортты 100 пайыз алмастырады деп күтілуде. Жалпы құны 23 млрд теңгені құрайтын жоба үш жүзден аса адамды жұмыспен қамти алады.

Талқылау