Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардан Қытайға қымыз экспортталатын болды

Павлодар қаласының “Сағып” шаруа қожалығы жаңа жылдан бастап Қытайға қымыз экспорттайды.

20151214120341

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

«Бүгінде қытайлықтарға қазақтың киелі сусыны, қымызды жеткізу бойынша құжаттарды рәсімдеу үшін келіссөздер жүргізілуде. Көрші елдің кәсіпкерлікпен айналысатын Нұрмұхаммед Рауан деген азамат 6 тонна қымызға тапсырыс берді. Бұдан басқа, құртқа да сұраныс бар», – дейді шаруа қожалықтың иесі Төлеу Құшманова.

Оның айтуынша,  Мәскеу қаласындағы «Рус-Трейд» компаниясының коммерциялық директоры Ливкут Олег қымыз құйылған шөлмектердің ішінен полиэтиленді екі қақпақ  қоюды және ұшақ арқылы жеткізу жөнінде шарт жасасқан. Бірақ әуежай қызметкерлері әрбір шөлмекті 30 пайызға толтырмау қажет екенін  ескертеді. Ал мұндай  тауардың құны мен түрі қандай болатыны белгісіз. Сондықтан да қымызды  рефрижатор көлігімен жеткізу қарастырылып жатыр екен.

«Сағып» шаруашылық қожалығы қараша айының соңында Мәскеудегі «Бауырсақ» дүкендер желісімен қымыз бен құрт жеткізу шартын жасасқан болатын.

Талқылау