Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардағы дәрігерлердің төбелесі: Сот кінәліні жазаға тартты

Сот Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерін бас дәрігерді ұрағаны үшін жазалады.

Павлодардағы дәрігерлердің төбелесі: Сот кінәліні жазаға тартты

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

«Нариман Шахмардановты әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекет есебіне 10 АЕК көлемінде 24050 теңге төлеуге міндеттеледі», – деді сот төрешісі Нұролла Есенжолов.

Алайда айыпты кінәсін мойындаған жоқ. Ол өзін бас дәрігердің бірінші болып ұрғанын айтты.

Ал, бас дәрігер Мәрлен Ахметов басқа нұсқа айтты. Ол шенеуніктің өзін ұрып, көз әйнегін сындырғанын, соның салдарынан қабағы жырылып кеткенін жеткізді.

Басқарма қызметкері одан кешірім сұраған. Сот жәбірленушінің сөзіне сеніп, соның жағына шешім шығарды.

Шахмарданов желіде анасы екеуіне ауруханадағы киім ілуші әйелдің айқайлағанын, одан бөлек аурухананың жағдайы көңілінен шықпағанын жазған еді. Сондықтан бас дәрігерді басқармаға шақырған.

Бас дәрігер киім ілуші әйелге әкімшілік жаза берді. Ол қызметкер мен шаруашылық меңгерушісін басқармаға жіберіп, кешірім сұрауын талап етті. Алайда шенеунік дәрігердің өзі келмегеніне шүйлікті. Сол себепті дәрігердің оңаша қалып, сөйлесуін қалаған. Осы жерде дау туған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау