Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда банк қызметкері клиенттің есеп-шотынан 14 млн теңге ұрлаған

Павлодарда “Интернет-Банкинг” бағдарламасы бойынша банк қызметкері келушілердің есеп-шотынан 14 миллионға жуық теңгені ұрлап алған.

 қылмыстық іс 

Азаматқа қатысты қылмыстық іс Павлодар қаласының №2 сотына түсті.

Тергеу барысында ұрлық жасаған Павлодарлық банк филиалында жұмыс істейтін күзетші болған. Ол банкте пластикалық карталардың берілуіне және PIN-конвертке жауап берген. Күзетші келушілердің депозит есеп-шоттарындағы ақшаны ұрламақшы болған.

2008 жылы ол банкке келушілердің есеп-шоттағы PIN-кодтарын жазып алған. 2015 жылдың сәуір айында “Интернет-Банкинг” бағдарламасы бойынша банк келушілерінің депозит есеп-шотындағы ақшаны ұрлап алған.

Барлығы 14 миллонға жуық теңге ұрланған.

Азамат қылмысы бойынша 188 бап, 4 бөлімнің 3 тармақ және 205 баптың 1 бөлімі, және де 208 бап 1 тармақ бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау