Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардағы балалар үйінің тәрбиеленушісі ресейлік байқау сахнасында туған анасымен кездесті (видео)

Павлодардағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Дәулетхан Ақанов ресейлік «Ты – супер!» байқауында «А-Студио» тобымен әр шырқады. Сондай-ақ, ол сахнада анасымен кездесті.

Дәулетхан Ақанов

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Дәулетхан бірнеше ай бойы Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық балалар байқауына қатысып жатыр. Ол шоудың бірінші кезеңінде «А-Студио» тобының «Джулия» әнін орындады. Ал финал алдындағы кезеңде рэп орындаушысы Сереганың «Возле дома твоего» әнін орындап шықты.

Қазылар алқасы Дәулетханға оң баға бергенімен, ол жартылай финалға өте алмады.

Хабарланғандай, НТВ арнасы баланы туған анасымен кездестірген. Дәулетханның анасы шоу сахнасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол ата-ана құқығын қайтарып алғанын және баласын үйіне алып кететінін айтты. Өз кезегінде мұндай оқиғаға куә болған қазылар алқасы көз жасына ерік берді.

Айта кетсек, Дәулетхан Ақанов екі бауырымен бірге соңғы 7 жыл бойы балалар үйінде тұрақтап келген. Балалардың анасы Сұлукөз Ахметова балаларына барып, жағдайларын біліп тұрған екен.

Оқи отырыңыз:

Тойда ортаға шығып тілек білдірген Замираның масқарасы шықты (видео)

Қайрат Нұртастың анасы: Біздің келіндерде кетіп қалу деген жоқ, кеткісі келсе біржола жібереміз

КТА ойыншысы Мереке «кішкентай баланың басын айналдырып алды» дегендерге жауап берді

Айым Сейтметова: Әкем экранда Баян Есентаевамен сүйіскен кезде де, анам қызғанған жоқ

Талқылау