Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодардағы жарылыс: Зардап шегушінің денесінің 50 пайызы күйіп қалған

Павлодарда полиция 5 қабатты үйлердің бірінде болған жарылысқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Оқыс оқиға салдарынан 1 адам көз жұмған еді.

Павлодардағы жарылыс: Зардап шегушінің денесінің 50 пайызы күйіп қалған

Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жарылыс кезінде бір адам қатты зардап шеккен. Оның денесінің 50 пайызы күйіп қалыпты. Жарылыс салдарынан ер адамның беті, кеудесі, қолы мен аяғы күйген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Ер адам ауруханаға жеткізілгенде есін біліп жатқан. Алайда болған жайт туралы ештеңе айта алмапты.
Бүгінде барлық тұрғын өз пәтерлеріне қайтып келді.

Еске сала кетсек, кеше, 6 наурызда Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлер барды. Жарылыс салдарынан 1965 және 1992 жылдары туған екі  әйел жарақат алды. Сондай-ақ, 35 жастағы ер адамның денесі табылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр