Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда үш шыршаны кесіп алып, суйреп баражатқан тұрғын ұсталды

Павлодар облысы орталығында Шарбақты ауданының 22 жастағы  тұрғынының «Ваз 2106» көлігін тексеру барысында кесуге тыйым салынған «қарағай» тұқымдас үш шырша табылған.

546894069.2161401b596946462905264cea2475c515618

ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда көліктің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Өңірде орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп өткізген «Шырша» алдын алу шарасы барысында 400-ден астам рейд ұйымдастырылып, орман қорғау заңнамасын бұзғандарға қатысты 30-дан астам әкімшілік өндіріс қозғалған. Біздің облыста кесілген қылқанжапырақты ағаштарды сатуға тыйым салынған. Басқа елден әкелген шыршаларды сатуға ғана рұқсат беріледі. Көбінесе Павлодар облысына Омбы және Алтай өлкесінен жеткізіледі. Облыстық әкімдікпен шырша саудалайтын 20 нүкте белгіленген. Егер де белгіленбеген жерде сауда жасалатын болса, сатушыға айыппұл салынады”, – дейді Б. Жұманов.

Жаңа жыл қарсаңында қылқанжапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындаудың алдын алу бойынша жедел алдын алу шаралары 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізіледі.

Талқылау