Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 қаңтар күні сағат 10 шамасында жедел жәрдем қызметіне ер азамат хабарласып, әйелінің нашар сезініп жатқанын айтқан.

Жүкті әйелді қалалық №1 аурухананың босандыру бөліміне жеткізген. Дәрігерлер жарты сағат бойы әйел адамның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен нәтиже болмады. 11.30 шамасында биологиялық өлім тіркелді.

Болжам бойынша диагноз – төменгі өкпенің қатерлі ісігі. Нәресте құрсақта қайтыс болды. Облыстың бас акушер-гинекологы Гүлнар Жармакинаның айтуынша, марқұм №4 қалалық емханада қаралып, уақытылы тексерініп жүрген.

“Өкінішке орай, жүкті әйелдерде мұндай жағдай болып тұрады”, – деді дәрігер.

Өңіріміздегі танымал гинекологтар да Гүлнар Жармакинаның айтқанын қайталап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда полицейлер жас сәбилі келіншекті ұрып-соғып, кейіннен оған пара ұсынған

Павлодарда келінін балағаттаған қайын ата темір тордан бір-ақ шықты

Жамбыл облысының тұрғыны дәрігер салған екпеден соң белінен төмен сал болып қалғанын айтады