Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда “жылынып алайықшы” деп үйге кірген әйелдер мейірімді зейнеткерлерді тонап кеткен

Павлодарда алаяқ әйелдер Ұлы Отан соғысының ардагерін тонап кеткен. Өткен жылдың 26 желтоқсанда Николай Янченко 87 жастағы жұбайы Любовь екеуі үйде болған. Сол күні Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Янченко 91 жасқа толған болатын.

Павлодарда "жылынып алайықшы" деп үйге кірген әйелдер зейнеткерлерді тонап кеткен

Бұл туралы pavlodartoday хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Туған күнді атап отырған отбасының есігін екі белгісіз әйел қаққан. Олар көршілерін іздеп жүргендерін айтып, жылынып алуды сұраған. Осылайша үйге кірген алаяқтар зейнеткерлердің үйінен қомақты ақша іздеген. Әйелдердің біреуі тыл ардагері Любовь Янченконың назарын басқа жаққа аударып тұрғанда, екіншісі үйден ақша іздеуге көшкен.

«Бұл екі әйел бізді тонап, сан соқтырып кетті. Қазір оларды тауып алыпты. Бірақ олар біз емес, оларды танымаймыз деп, кінәларын мойындамай отыр»,-дейді Любовь Янченко.

Зейнеткерледі сан соқтырып кеткен алаяқтар соғыс ардагерінің үйінен 580 мың теңге ұрлап кетті. Ардагер отбасы полицияға жүгінгенімен қылмыскерлер әлі жазаланған жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Луи Вьютон бренді алматылық барахолканың үстінен шағым түсірді

Қай қазақстандық өндірушілердің тауықтары қауіпті деп танылды

Ақтөбеде жалғызбасты әке аналары тастап кеткен екі баласын «шариғат бойынша қатаң» тәрбиелеймін дейді

Қыздарымен шетелге қонаққа кеткен қазақстандық әйелді иорданиялық азаматпен некелестіріп, елге жібермей отыр

Талқылау