Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жылу жүйесі жарылып, жерден 4 метр биіктікке ыстық су атқылады (видео)

Павлодарда жер астынан ыстық су атқылады, деп хабарлайды Stan.kz.

Павлодарда жылу жүйесі жарылып, жерден 4 метр биіктікке ыстық су атқылады (видео)

Қаладағы Российский және Суворов көшелерінің қиылысындағы жылу жолы жарылып, жер астынан ыстық су атқылады. Куәгерлер бұл сәтті видеоға түсіріп алып, Instagram желісінде жариялап жатыр.

Видео кадрларынан ыстық судың жер астынан шамамен 4 метр биіктікке атқылап жатқаны көрінеді.

Салдарынан жолдың жүретін бөлігін су басып қалған. Ал су атқылаған жердегі жол төсемінің быт-шыты шығыпты.

 

По Суворова прорвало трубу 😧

Публикация от 🔝 Автосообщество ПАВЛОДАРА (@kolesa_pavlodara)

 

Tengrinews.kz мәліметінше, жылу жүйесіндегі гидравликалық сынақ барысында жер жарылып кеткен.

«Бүгін қаланың оңтүстік бөлігінде жоспарлы гидравликалық сынақтар жүргізілді. Нәтижесінде қатты қысым салдарынан Российский және Суворов көшелерінің аумағындағы жылу жүйесі жарылды. Қазіргі уақытта жағдай реттеліп жатыр. Оқиға орнында «Павлодар жылу жүйесі» бригадасы жұмыс істеуде. Жылу жүйесінің зақымдалған аумағы анықталып, мұнан кейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі», – дейді «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар баспасөз қызметіндегілер жер астынан су атқылаған кезде судың температурасы 40 градустан аспағанын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Сарапшы еліміздегі үлескерлік құрылыс туралы заңды сынады

Замираның күйеуімін: Қазақ жігіті Замираның әрекетіне ашуланды

Бұл банкте жұмыс істеген емеспін: Жомарт Ертаев тұтқындалғаннан кейін мәлімдеме жасады

Теміртауда болған атыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

Талқылау