Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жолаушыны тонаған жігіт пен қыз ұсталды

Павлодарда 19 жастағы жігіт пен қыз тонау фактісі бойынша күдікке ілініп ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

8335486

“Өздерінің құрбандықтарын адамдар аз жерден кешкі уақыттарда іздеген. Дәл сол жерлерде негізінен әйелдер қауымы көп жүрген. Ыңғайлы сәт туындаған мезетте олар оқыстан олардың сөмкелеріне жабысқан”, – дейді полиция өкілі.

ІІД мәліметінше, бір апта ішінде екеуі үш әйелді тонаған. Сөмкеде қымбат телефон, ақша болған. Жалпы шығын көлемі 500 мың теңгені құраған.

“Жәбірленушілердің бірі тонаушылардың түрін жаттап қалып, дереу “102-ге” қоңырау шалған. Заттай деректер алынып, иелеріне қайтарылды”, – деп атап өтті полиция.

Бұрын сотты болмаған және еш жерде жұмыс істемейтін жігіт пен қыз енді ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы негізінде өз жазаларын алатын болады. Олар өздерінің бұл әрекеттерін қатты ақша керек еткендіктен деп түсіндірген. Қазір жігіт Павлодар ішкі істер орталығындағы уақытша қамау изоляторында. Ал қызға кепілдеме негізінде шара қолданылмақ. Полиция екі күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін деп болжайды.

Талқылау