Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жол үстінде секспен айналысқан адамдар анықталды

Павлодарда жол үстінде секспен айналысқан қыз бен жігіттің тұлғасы анықталды. 25 жастағы жігіт пен 18 жасар қызды полиция тұтқынға алған. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

5725dca175fd7_Publicsex

Учаскелік полиция инспекторы жүргізген шаралар нәтижесінде ұсталған жігіт пен қыздың үстінен ҚР әкімшілік кодексі негізінде іс қозғалған. Әкімшілік өндіріс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жөнелтілді.

Аталған іс бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, ұсталғандар 10 тәулікке қамалуы мүмкін. Еске сала кетсек, екі жас жұптың көше бойында жыныстық қатынасқа түскен видеосы интернетте жарияланып, желі қолданушыларының наразылығын тудырған болатын.

Талқылау