Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жоғалып кеткен 4 жасар бала үш күн бойы терең шұңқырда отырған

Павлодарда полицейлер үш күн бұрын жоғалып кеткен 4 жасар баланы іздеп тапты.

1492583950_novosti

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Артур есімді балақай 16 сәуір күні жоғалып кеткен. Хабар келіп түскен бойда бірден іздеу шаралары ұйымдастырылады. Баланы іздеуге полиция қызметкерлерімен қатар 5512 әскери бөлімінің жауынгерлері, кинологтар да қатысқан.

Бала отбасы тұратын “Милиоратор” бау-бақша аумағынан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен.

“Іздеу тобы бала болуы мүмкін барлық аумақты қарап шықты. 19 сәуір күні таңертең бала тереңдігі 2 метр болатын шұңқырдан табылды. Шұңқыр қаланың сыртындағы әскери-техникалық мектептің автодром алаңына жақын жерде екен. Баланы дәрігерлер тексеріп шықты, оның жағдайы жақсы. Дегенмен ол облыстық балалар ауруханасына жатқызылды”, – делінген хабарламада.

Ал баланың жоғалғанын полицияға оның анасымен тұратын ер адам хабарлады. Әйелдің өзі бір аптадан бері арақтан бас көтермей жатыр екен.

Полицейлер баланың 42 жастағы анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырды. “Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесіне мән бермеу” бойынша қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін. Сонымен қатар, оны ата-ана құқығынан да айыруы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Әйел: Мешіт алдында қайыр сұрауға намыстанамын. Бірақ амалым жоқ

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)

Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды

Талқылау