Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жетімдер үйінің тәрбиеленушісі 7 жылдан соң өз үйіне оралды

16 жастағы Қанат 7 жылдан соң өз үйіне оралды. Оның анасы 7 жыл бұрын ата-ана құқығынан айырылған еді.

Parni-ne-plachut-ili-pochemu-nam-devushkam-tak-legko-v-eto-poverit

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Бұл жайлы Павлодар облыстық кәмілетке толмағандар ісімен айналысушы мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тек 7 жыл өткен соң анасы сотқа шағымданып, ата-ана құқығын қалпына келтіруді сұраған.

Ол осы уақыт ішінде үйін ретке келтіріп, жағдайын жасап, жұмыс та іздеп тапты. Баласымен байланысып тұрды. Балалар үйіне келіп баласын көріп тұрды. Мекеме басшысы мұны сотта растап оған ата-ана құқығын қайтаруды сұрады. Сот отырысында Қанат та өз үйіне кетуді қалайтынын айтты.

 

Талқылау