Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық компания күйеуінің өлімі үшін әйелге өтемақы орынына еден жуушы жұмысын ұсынған

Павлодарда жесір әйел жергілікті кәсіпорындардың бірінен миллиондаған өтемақысын ала алмай жүр. Ольга Янченконың айтуынша, осыдан бір жыл бұрын шұғыл жұмысқа шақыртылған сау күйеуінің үйге өлі денесі жеткізілген. Мән-жайды КТК телеарнасы баян етті.

вмвм

Электрик болып қызмет еткен ол топырақ астында қалып, қаза тауыпты. Сот та марқұмның отбасына 3 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттеген екен. Бірақ құзырлы орындар мекеме шоттынан көк тиын таппаған. Енді кәсіпорын басшысын жауапқа тартамыз деп отыр.

Бір жыл бұрын жесір қалған Ольга Янченко суреттер салынған альбомды жиі қолына алады. Күйеуі Николай жергілікті кәсіпорындардың бірінде электрик болып қызмет еткен. Жұмысқа шұғыл шақыртылған 42 жастағы азамат оқыста топырақ астында қалып қаза тацыпты.

“Жаңа жыл алдында басшылық шақыртқан соң жұмысқа кетті. Кәсіпорын ішіндегі су құбырында апат болған екен. Соны жөндеу кезінде күйеуім қазылған құдыққа түсіп кетіп, топырақ астында қалып қойған. Әріптестері құтқаруға тырысқанымен, жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды”, – дейді Павлодар қаласының тұрғыны Ольга Янченко.

Қара жамылған әйелге кәсіпорын бірнеше ай 50 мың теңгеден төлеген. Бірақ басшысы кейін мұны көпсініп, Ольганы осы ақшаға еден жуушы ретінде жұмысқа алмақшы болыпты. Бұдан соң сотқа шағымдануға мәжбүр болған әйел онда өз құқығын қорғап шыққан. Ал сот Николай Янченко жұмыс кезінде қаза тапты деп тауып, «ҚазКровля» компаниясын оның отбасына 3 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеген. Содан бері бір жыл уақыт өтсе де жесір әйелге көк тиын ала алмай жүр.

“ҚазКровля» кәсіпорнын тексеріп, банктегі шоттының бос екені анықталды. Компанияның атында ешқандай мүлік те тіркелмеген. Олар бәрін жалға алғанға ұқсайды. Басшысы Николай Чабанов мұны бізге өндірістің тоқтауымен түсіндірді”, – дейді жеке сот орындаушы Меңдеш Байсақ.

Ал банкротқа ұшыраған компания басшылары бұл дауға байланысты сұхбат беруден бас тартты.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, тақырға отырған компаниядан өлген жұмысшының отбасына түк бұйырмайды. Сондықтан олар кәсіпорын басшысын қылмыстық жауапкершілікке тартпақ ойда. Сатушы болып нәпақасын тауып жүрген жесір әйел де өтемақыны алмай қоймаймын деп бекінген.

Талқылау