Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жер үйдің ауласынан көне қорым табылды

Су құбырын тартпақ болған үй иесі топырақ арасынан адам сүйектерін байқап, полицейлерге хабар берген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары археологтарды шақыртыпты. Ғалымдар үш адамның қаңқасымен қоса, солар қолданған бұйымдарды да тапқан. Жәдігерлердің Қимақ қағанатына тиесілі екенін жеткізген олар енді құбыр тарту жұмысын тоқтатып қойып, зерттеулерін бастады,-деп жазады КТК арнасы.

табылды

Борис Рыбальченко бұл үйді 30 жыл бұрын салыпты. Биыл құбыр тартып, оны сатуға дайындамақ болған. Сөйтіп, қазу кезінде адам сүйектерін тауып алған.

«Полицейлердің мұндай жағдайда бірден ілік іздейтіні қызық. Менен қайта-қайта түсініктеме алды. Адам мен малдың бірге көмілгеніне көздері жеткен соң мұнда археологтарды шақыртуға тура келді»,-дейді Борис Рыбальченко, Павлодар қаласының тұрғыны

табылды1

Аумақты түгел тексерген археологтар үй маңынан тағы екі адамның қаңқасын тапты. Сондай-ақ, қола сақина, белдік сияқты заттарды анықтаған олар жерді екі тәуліктен бері тынбай шұқылауда.

Көне қалдықтарға байланысты үй маңында құбыр тарту жұмыстары уақытша тоқтатылған. Есесіне, археологтар мұнда зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Мамандар анықталған адам қаңқалары 8-10 ғасырда өмір сүрген қимақтарға тиесілі деп топшалап отыр

Ғалымдардың айтуынша, өңірде әлі де сыры ашылмаған қорымдар көп. Әзірге екі қаңқаның жынысын анықтаған олар жұрт мұндайда біздің көмегімізді қажет етпейді деп ренжулі.

«Мұндай жағдайда жұрт бірден құзырлы органдарға хабар береді. Бұл, әрине, археологиялық жұмыстарға біраз кедергі келтіреді. Болжам бойынша, мына адамдар көне түркі елінің адамдары. Ер адамның денесімен бірге жылқы да көмілген»,-дейді Виктор Мерц, С.Торайғыров атындағы ПМУ археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі

Жер астынан табылған әр сүйек топырақтан аршылып, арнайы зертханаға жеткізіледі. Ал ауласында қазба жұмыстары аяқталғанша қожайыны үйін сатпақ түгілі, құбыр тарту жұмыстарын да қоя тұрмақ.

Талқылау