Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жауыздықпен өлтірілген адам өліміне полицей күдіктелуде

Өртеніп кеткен адам денесі Красноармейка ауылынан табылған. Тексеру барысында, оның басынан кастетпен ұрғаны анықталды. Қазір күдікті ретінде сержант уақытша тергеу изоляторында алынды.

hhh

Бұл туралы STAN.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

17 қазанда 32-жастағы Александр Крутконың денесі өлі күйінде табылған болатын. Сол күні денені тексерту үшін Оңтүстік бөлімге жеткізген. Сараптама нәтижесінде адам денесінің алдымен жарақат алғаны, сосын күйік шалғаны анықталған.

Оның туыстары Александрдың бөлімшеден шығып, сержанттың көлігіне отырғанынан хабардар болып шықты. Тексеру барысында, оның басынан кастетпен ұрған. Ешқандай айғақ қалдырмау үшін оның денесіне бензин құйып, өртеп жіберген. Қазір күдікті сержант уақытша тергеу изоляторында. Оны “Адам ұрлау” және “Адам өлтіру” баптары бойынша кінәлауда. Бірақ күдікті кінәсін мойындаған жоқ. Марқұмның артында әйелі мен 2 жасар ұлы қалған.

Александрдың анасы Светлана Крутко полицейдің ұлының қолына кісен тағып, гаражға кргізгенін, сол жерде оған кастет кигізіп өлтіргенін айтады. Тексеру нәтижесі оның басынан зақым алғанын айғақтады.

Талқылау