Павлодарда жүзден аса тұрғын бір сәтте тұрғылықты мекен-жайы жоқтардың қатарына қосылды

Павлодарда жүзден аса тұрғын бір сәтте тұрғылықты мекен-жайы жоқтардың қатарына қосылды. Қалада жарты ғасырдан бері тұрып келе жатқан тұрғындардың барлығы бір апта бұрын тұрақты тіркеуден шығып қалып, баспанасыз қаңғыбас кейпіне енді.  Еш жерде тіркелмегендерін білген тұрғындар мәселенің басын ашу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлады КТК арнасы.

Павлодарда жүзден аса тұрғын бір сәтте тұрғылықты мекен-жайы жоқтардың қатарына қосылды

Бірақ, ондағы қызметкерлер болса қолымыздан келер қайыр жоқ деп, бар кінәні көші-қон қызметіне аудара салған. Ал, көші-қондағылар тұрғындардың неліктен тіркеуден шығып қалғандарын түсіндіріп, нысандарды сандық жүйеге көшіру кезінде қателік кетті дейді.

Жүзден аса тұрғын еш жерде тіркелмегендерін білгеннен кейін тыныштықтарынан айырылды. Өмірінде мұндай сұмдықты көрмеген олар мән-жайды білу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Алайда, ондағылар да жағымды ештеңе айтпады.

«Жүзден аса тұрғын бір сәтте тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамға айналып шыға келді. Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар бұл жайтқа қатысты түк айта алмай, көш-қон полициясына баруға кеңес берді. Мен бұл үйде 36 жылдан бері тұрып келемін. Тіркеуден шығып қалғанымды естігенде шошып кеттім»,-дейді Павлодар қаласының тұрғыны Ольга Жоландз.

Ал көш-қон полициясы қызметкерлері бұл жайтқа нысандарды сандық жүйеге көшіру кезінде орын алған техникалық ақау себеп болды дейді. Мән-жайды түсіндірген олар жақын уақытта барлығы қайта тіркеуге тұрғызылады деп, тұрғындарды сабырға шақырды.

«Техникалық ақауға байланысты дәл осы тұрғын үй шаһардағы ведомстволық мемлекеттік нысандардың қатарына еніп кеткен. Сол кезде үй тұрғындары заңды мекен-жайларынан шығып қалған. Қазір бұл мәселені шешу үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Бірнеше күн ішінде тұрғындар қайта тіркеуге алынулары тиіс»,-дейді Павлодар облыстық ІІД көш-қон полициясы басқармасының бөлім басшысы Әсем Дүйсенбаева.

Бір қызығы, бұған дейін көпқабатты пәтерде тіркеуде болған 6 жасар бала жақын маңда орналасқан коттеджге тіркеліп кеткен. Мұны естіген баланың ата-ана сандық жүйе бәрінің миын ашытып, әбден сандалтты деп ашынды.

Ал көші-қон полициясы басқармасындағылар бір апта бойы мазасы қашқан жұрттан кешірім сұрап, бәрі орнына келеді деп, шығарып салды. Алайда тұрғындардың оған көңілі толған жоқ. Сондықтан олар өз жұмысын салғырт жасаған мамандар әр үйді аралап жүріп бәрімізден кешірім сұрасын дейді. Бірақ, құзырлы орган өкілдерінің халық алдында иілуі екі талай.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар