Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жүргіншілер жолағында бала жетектеген қызды көлік қағып кетті (видео)

Оқиға осы жексенбі күні орын алған. Павлодар қаласындағы Естай көшесі бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақта бала жетектеген қызды жеңіл көлік қаққан. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД хабарлады. 10599088

Павлодарда жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан қызды қаққан бейнежазба интернетке тарап кетті. Павлодар облыстық ІІД аталған оқиғаның осы жексенбіде орын алғанын растады.

«Қазіргі таңда аталған жол-көлік оқиғасынан 1999 және 2008 жылы туған екі Павлодар тұрғыны зардап шекті. Оқиға болған сәтте олар медициналық жәрдемді қажетсінбеген. Қазір біреуі мектепте, ал біреуі үйінде. Оқиғаны өз камерасына жазып алған жүргізуші, айыпты деп танылды», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің жағдайына қатысты сот-медициналық сараптамасы жұмыс істемек. Олардың денсаулығына жеңіл түрде зақым келетін болса, онда айыпкер 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе көлік жүргізу құқығынан бір жылға айырылады.

Егер, сот-медициналық сараптамасы денсаулық жағдайларына орта деңгейде зиян келген деген қорытынды шығарса, онда ҚР ҚК 345 бабына сәйкес 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалады. Бұдан бөлек айыптыны түзеу жұмыстарына салу немесе 240 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды атқаруын, 75 тәулікке қамауды, 2 жылға дейін жасап отырған жұмысынан айыруды талап етеді.

Талқылау