Павлодарда “Әже – блогер” жобасы басталды

Дүйсенбі, 7 Желтоқсан , 2015 18:02

“Жас Отан”  белсенді жастар қанаты зейнеткерлерді блогерлікке және әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге үйретпекші.

10444431

Павлодарда зейнеткерлерге компьютерлік сауаттылығын оқытатын курс ашылды, деп хабарлайды Новости-Казахстана.

“Бұл жобаны біз “Әже – блогер” деп атадық. Бастамасы осы Павлодардан басталды. Бұған кез-келген жастағы қарттарымыз, зейнеткерлеріміз қатыса алады. Ең бастысы әлеуметтік желілерде, компьютерде жұмыс істеуді үйренуге ынтасы болса болды. Біздің мақсатымыз, қарттарымыздың сенімді түрде әлеуметтік желілерде жұмыс істей алуы”, – дейді “Жас Отан” облыстық филиалының төрағасы Данияр Айтышев.

Айтуынша, мұнда егде адамдар порталмен жұмыс істеуді ғана емес, өз блогін жүргізуді үйренеді. Оған қоса әлеуметтік желілердегі немерелерінің акаунттарын тексеріп отыра алатын болады.

Жыл соңына дейін аудан бойынша 100 шақты зейнеткерді әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы қылып үйретпекші.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар