Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда заңсыз қоян аулаған азамат ұсталды

Павлодар ауданы, Железнодорожный ауылында заңсыз қоян аулаған азаматқа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар тыйым салынған жерлерде тағы екі азамат аңшылықпен айналысқаны белгілі болды.

newsbel.by-24.10.2015-84fUVkAL19xQr2T17Nqs5tgf3jlH0Wj94370624.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c415209

Павлодар қаласының орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман шебері Жасұлан Жұмашевтың айтуынша, қоян аулаған аңшыға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. – Железнодорожный ауылы тұрғынының жасы шамамен 40-та. Ұсталған кезінде оның бір қоянды атып алғаны белгілі болды. Іс Павлодар қалалық ІІБ солтүстік полиция бөліміне жіберілді, – деді Ж. Жұмашев.

Орман шеберінің айтуынша, заң бұзушылық жасаған қос азаматтың бірі Заря ауылының маңында, Павлодар қаласының орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында қақпан құрған. Ал, екіншісі Лебяжі ауданының маңында мылтықпен ұсталды. Қанжығасын майлап үлгермеген аңшыларға қатысты қандай шара қолданылатыны жуық арада белгілі болмақ.

Талқылау