Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ұрылар өздерін бейнежазбадан көріп қалған

Павлодарда үйлердің біріне түскен ұрылардың видеосы желіде тарап кетті. Соны көрген ұрылар пәтер иесіне өздері хабарласып, заттарды қайтарып берген.

Бұл туралы Павлодардың қайырымды жандар клубы желідегі парақшасында жариялады.

Кутузов көшесіндегі №42 үйдің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасының жазбасы желіде жарияланды.

Бейнежазбада теледидар, шаңсорғыш және үтікті ұрлап бара жатқан екі ер адмның бірінің бет-жүзі анық көрінеді.


Қайырымды жандар клубы прақшасында кімде-кім қылмыскерлерді танитын болса, полицияға көмектесуін сұрап, жазған. Бейнежазбаны ұрылардың өздері көріп, сол күні еріктілермен хабарласып, пәтер иесіне ұрланған мүлікті қайтарып берген.

Тағы оқыңыз:

Оралда көпбалалы отбасы тамақ алуға ақша таба алмай отыр

Ақтөбелік шенеуніктер мен кәсіпкерлер жетім балаларды қамқорлыққа алды

Оралда ерікті студенттер зейнеткердің үйін жөндеп берді

Талқылау