Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ұрлық үстінде ұсталған екі азамат бірі мойнын, бірі қолын өздері кескен

Павлодар облысында Чернорецк орман шаруашылығының қорықшысы Серік Аймулдинов ұрлық жасалған дүкенде өзіне-өзі қол жұмсамақ болған екі азаматты ажалдан аман алып қалды.

12630_tI5MV_big_8ce27e1bec2e3614fed2daf314013339766

Сурет komikz.ru сайтынан алынды

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Бұл туралы агенттікке Павлодар қаласы орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіпов мәлім етті.

“Жергілікті учаскелік полицей ұрыларды қолға түсіру үшін жақын арадағы орманшыларға өтініш білдірген. Серік дүкеннің есігін бұзып кіргенде ұрылар қарсылық танытқан. Олардың бірі – өзінің мойынын, екіншісі – тамырын кесіп жіберіп, суицидтік әрекет жасаған. Алайда үрейге бой алдырмаған қорықшы дәрігерлер келгенге дейін дүкендегі памперстермен жараның аузын бекітіп, көмек көрсеткен”, – деді А. Жүсіпов.

Соңынан 22 және 23 жастағы қос азамат Чернорецк ауылдық округіне қатысты Достық ауылының тұрғындары болып шықты. Айта кетерлігі, бұл дүкенге осымен үшінші рет шабуыл жасалып отыр. Алғашқы екі жағдайда да қарақшылар ұстатпай кеткен.

Талқылау