Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ұрланған көліктерді сатқаны үшін экс-полицей сотталды

Баяндинов ҚР ҚК 183 бабы бойынша (қызметтік лауазымын пайдалана отырып топтық не жеке өзі қылмыстық жолмен мүлікті сату немесе сатып алу) кінәлі деп танылды.

Lexus_RX300_rear_a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c417168_a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c420151

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Экс-полицейді қамауда болған 2014 жылдың 23 қыркүйегі мен 2015 жылдың 23 сәуірі аралығындағы уақытты есепке ала отырып,  7 айға бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Сонымен қатар, Баяндинов майор лауазымынан айырылды.

Айта кетейік, мәлімет бойынша Павлодарда ұйымдасқан қылмыс тобының мүшелері 70 көлікті рәсімдеп, сатқан болатын. Айдап әкелінген көліктер Екібастұздағы тіркеу бөліміне есепке алынған. Оған Баяндиновтың қатысы болмаған.

Сот отырысында Айдар және Индира Чайкина есімді жәбірленушілер қатысқан. Олар 2010 жылғы ұрланған Toyota Camry көлігін 4,2 млн теңгеге сатып алған. Ал, Руслан мен Мақпал Мұстафиндер 2011 жылғы Toyota Camry көлігін 3,2 млн теңгеге сатып алған. Сергей Литвинов Lexus RX 400 көлігі үшін 7,3 млн теңге төлеген екен.

Алайда, соттың соңына дейін жәбірленуші ретінде Мұстафиндер ғана қатысты. Чайкина мен Литвиновке айып тұрағындағы көліктері қайтарылды. Жәбірленушілер пікір білдіруден бас тартты.

Талқылау