Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тұрғын үйіне келген жедел жәрдем қызметкерлерін қамап қойды

Павлодарда ер адам медициналық қызметкерлердің жұмысына немқұрайлы қарайтындарын айтып шағымданды. Алайда өзі әкімшілік жазаға тартылды. 

Павлодарда тұрғын үйіне келген жедел жәрдем қызметкерлерін қамап қойды

Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 сәуірде болды. 

Жедел жәрдем қызметкерлері шақырылған үйге жеткенде үй иесі оларға айқайлай бастайды. Жедел келмегендеріне ашуланады. Ол әйелінің жағдайына байланысты дәрігерлерді шақыртқан. Әйелі мен жедел жәрдем қызметкерлерін үйіне қамап кетіп, өзі облыстық жедел жәрдем стансасына аттанады. Басшылыққа қызметкерлерінің дұрыс жұмыс жасамайтындарын айтады. Осыдан кейін ғана әйеліне хабарласып, қызметкерлерді босатуын сұрайды. 

Осыған байланысты станса атынан полицияға шағым түсті. Тұрғын 5 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Алайда өз кінәсін мойындамайтынын айтты. 

Осы оиқғадан кейін де осы мекен-жайдан екі рет жедел жәрдем қызметіне қоңырау түсті. Біріншісінде әйелінің күйзеліске түскені, екіншісінде денесінде көгерген іздер бары анықталды. Зардап шегуші ауруханаға жатудан бас тартты.

Талқылау