Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тұрғын үйдің қабырғасы жарылып төменгі қабатқа құлап кетті

Павлодарда жарты ғасыр бұрын салынған тұрғын үйдің қабырғасы жарылып, төменгі қабатқа құлап кетті. Құдай сақтап, төңіректе ешкім болмағандықтан зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (54)

Үшінші қабаттан құлаған бетон маңдайша төменде орналасқан гүл дүкенінің шатырына түскен. Оқиға орнына жеткен атқамінерлер бұл жағдайға тұрғындардың өздерін кінәлады. Өйткені, олар шатырда жиналған жаңбыр мен қар суын дер кезінде ағызбайды екен. Қабырғалардан өзге еш ақау таппаған шенеуніктер үйдің техникалық жағдайы жақсы деп кетті. Әрі біреудің меншігін қалпына келтіру міндетімізге кірмейді деп отыр.

«Біреудің басына кірпіш құламай бұл үйдің жөндеу көрмейтіні анық. Өйткені, шенеуніктер осы ғимараттың кондоминиумдық тіркеуде бар-жоғын да білмейді. Ал онсыз да ескі үйдің әр жерін жамауды қалтамыз көтермейді»,- дейді Павлодар қаласының тұрғыны Валерий Стужук.

Талқылау