Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жасар Айлиннің анасы сот отырысында жылап, күйеуін кінәлады

Павлодарда туған қызын аяусыз ұрып-соққан Нұргүл Докуованы аналық құқынан айыруға қатысты сот отырысы басталды. Алғашқы процеске қорғаушысыз, бірақ туыстарымен келген келіншек сотқа бұрынғы күйеуінен жиі таяқ жегенін жеткізіп, өзін ата-ана құқынана айырмауды өтінді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

докуова1511

Сот отырысы басталғаннан-ақ Нұргүл Докуова қайта-қайта жылап, судьяның оны бірнеше рет тыныштандыруына тура келді.

34 жастағы Докуованың айтуынша, бұған бұрынғы күйеуінің туыстары арандатқан. Сондай-ақ, кезінде күйеуімнен таяқ жедім деген келіншек, ол да балаға қол көтереді деген уәж келтірді. Ал, оның бұрынғы күйеуінің адвокаты болса, кішкентай Айлинді әкесі бағуы тиіс дейді отыр. Себебі, бүлдіршін осы уақытқа дейін анасын бір рет те сұрамаған. Яғни, оны ұмытқысы келеді екен.

Процесс барысында жауапкер болған жағдайға өзінің ғана кінәлі еместігін айтты:  мұндай іске баруына бұрынғы күйеуі мен оның ата-анасы жеткізгенін тілге тиек етті.

«Күйеуім жиі ішіп, мені үнемі ұрып-соғатын. Үйден кетіп қалатын жағдайлары да жиі болып тұратын. Оның балаларының тағдыры, аш не тоқ екендігі алаңдатпайды. Ол жұмыс істемейтін. Үнемі менен ақша талап ететін», – дейді Докуова.

Оған қоса жауапкер  күйеуінің кезекті соққысынан кейін полиция шақырғанын да айтты. Десе де судья артылған кінәларды дәлелдейтін құжаттар бар-жоғын сұрағанда, Докуова мүдіріп, жауап беруге қиналды.

Еске сала кетсек, үш жасар қызын ұрып-соғып, онысын видеоға түсірген келіншектің әрекеті қоғамда шу шығарған. Оқиғадан соң, қалалық білім бөлімі Докуованы аналық құқынан айыру туралы арыз түсірген болатын. Сондай-ақ, балаға көрсеткен қатыгездігі үшін қозғалған қылмыстық іспен полиция айналысуда.

«Бала үш аптадан бері анасын бірде-бір рет іздеген емес. Яғни, ол өзімен болған сол жайтты ұмытқысы келетін сияқты. Ал анасы оны көргісі келетінін айтып, балабақшаға да келгісі келді.Бірақ,Айлиннің әкесі бұған келіспеді. Ол сұмдық оқиғадан кейін қызын өзі тәрбиелеп, бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырғысы келеді», – дейді Ермұрат Қасымовтың адвокаты Гүлбақыт Бежанова.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте екі баланың анасы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Ғасырдың медициналық жұмбағы: Пәкістанда ағайындылар кеш түскенде қозғала алмай қалады

Олар көзтартарлықтай сұлу: 12 қазақстандық жұлдыздың жүктілік кезі

Күйеуі әйелінің көзіне шөп салғанын квадрокоптердің көмегімен біліп қойған (видео)

Талқылау