Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда трамвай таптап кеткен оқушы қыз есін жиды

Павлодарда трамвай дөңгелегінің астында қалып кеткен сегіз жасар қыз жансақтау бөлімінде есін жиды.

444

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамедиеваның айтуынша, қыздың жағдайы ауыр тұрақты.

“Бүлдіршін есін жиды. Дәрігерлердің айтуынша хирургиялық емдеу тәсілі қажет емес. Зардап шегуші қосымша ем-дом қабылдайды,” – деді ол.

Еске салсақ, адам шошырлық апат кешке 7:43-те Ломов және Катаев көшелерінің қиылысында болған. 2007 және 2009 жылы туған қыздар трамвай астына түсіп, үлкені көз жұмып, кішісі ауруханаға түскен. Трамвайды бес жылдық тәжірибесі бар 30 жастағы әйел басқарыпты.

Зардап шеккен қыздардың анасы күйеуі қайтыс болып, екі баланы өзі тәрбиелеп отырған. Қазір еріктілер бұл отбасыға көмек көрсетіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Елімізде жедел жәрдем қызметі науқастарға ауру белгілеріне қарай көмек көрсететін болады

Дәрігерлер Астанада көлік астына түскен оқушы қыздардың жағдайын айтты

15 жыл бойы төсекке таңылған Алматы облысының тұрғыны халықтан көмек сұрайды

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің бүйрегін кесіп алған дәрігерлер жазадан сытылып кетті

Талқылау