Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен жігіт пен қыз өз істеріне өкінді

Павлодарда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен  жігіт  ауруханадан шығарылады. Ал оның 20 жастағы құрбысы № 1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінде кем дегенде бір ай жатады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

павлодар-дукен

Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында аурухананың бас дәрігерінің емдеу және алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Ермек Күшіков мәлім етті. Еске сала кетейік, куәгерлердің айтуынша, 12-ақпан күні қол ұстасқан жұп Жаяу Мұса көшесі, 1 мекенжайы бойындағы тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп кеткен.

Үйге жапсыра салынған дүкеннің алюминий төбесі жастарға соққының жеңіл болуына себеп болған. Нәтижесінде жігіттің жамбасы мен қабырғалары сынса, бойжеткеннің омыртқасы зақымданған.

“Жігіт ауыр отадан кейін өздігінен қозғала алады. Дегенмен, бірнеше ай оңалту және тұрақты дене шынықтыру шаралары, арнайы аппараттарда жаттығулар жасау қажет. Ал бойжеткен омыртқасына жасалған отадан кейін жүре алмайды. Себебі алған жарақаты жұлын түбірінің зақымдануына байланысты. Оның ауруханадан қашан шығатынын нақты айта алмаймын. Бұл науқасқа қайтадан аяғына тік тұруды үйрену керек. Ал, оңалтуға кем дегенде жарты жыл кетеді”, – деді  Күшіков.

Дәрігердің айтуынша, жастар оңалтуды Павлодарда тегін өте алады. Ол үшін № 1 қалалық ауруханада арнайы бөлімше бар. Жігіт пен қыз бұл әрекетіне қатты өкінетіндерін жеткізген.

“Олар секіргісі келмегенін және бұл оқиға аяқ асты орын алғанын айтады. Бұдан артық ештене де білмеймін. Олардың бұл әрекетке материалдық себептерге байланысты барғаны туралы да естімеппін”, – деді  Күшіков.

Еске сала кетейік, сараптама қорытындысы бойынша жастар биіктіктен секірмес бұрын спирттік ішімдік тұтынған.

Талқылау