Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тоғызыншы қабаттан секірген қыз бен жігіт мас болған

Павлодар қаласында 9-қабаттан секірген ер азамат пен бойжеткен қыздың ішімдікке мас болып осындай қадамға барғаны анықталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

krysha
Павлодар қалалық №1 ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары Ермек Кучуковтың айтуынша, бойжеткен қыз әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал жігіт жарақат бөліміндегі палатаға ауыстырылды.

«Олардың денсаулық жағдайына орташа деңгейде деп баға беріп отырмыз. Оның үшінші бел омыртқасы сынған. Осы аптада ота жасауды жоспарлап отырмыз. Сараптама нәтижесінде олар секірген кезде ішімдік ішіп алғаны белгілі болды», – дейді  Кучуков.

Айта кетерлігі, олар азаматтық некеде болған. Бұдан бұрынырақта, жігіт қызды итеріп жіберуі мүмкін деген болжам айтылған болатын. Бүгін ІІД өкілдері бұл болжамды жоққа шығады.

Еске сала кетейік, оқиға өткен аптада болға еді. Павлодар қаласындағы 9 қабатты үйлердің бірінің төбесінен 20 жастағы бойжеткен қыз бен 26 жастағы жігіт секіріп кетті. Абырой болғанда, олар дүкеннің шатырына құлап, аман қалған. Қазір аталған іс бойынша қылмыстық іс қоғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін  терезеден секірген екеудің тірі қалғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

 

Талқылау