Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тек күндізгі уақытта өрт салып жүрген азамат ұсталды (видео)

Павлодарда тек қана күндізгі уақытта өрт салатын 1966 жылғы қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіпов мәлім етті.

Безымянный

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

«Кеше күндіз Алюмини зауытының маңында кезекті өртті жасамақ болған 50 жастағы павлодарлық ұсталды. Ол өзін Паша деп таныстырды, алайда оның шын есімі Александр болып шықты. Артынан белгілі болғандай, ұсталған азамат ақыл-есі ауысқан адамдардың тізімінде тіркелген. Біз оны Павлодар қаласы ІІБ Оңтүстік полиция бөліміне тапсырдық», – деді Жүсіпов.

Тәртіп сақшыларын көрген өрт салушы сіріңкесін тастай салып, тұра қашқан. Алайда құқық органдарының қызметкерлері оны бірден ұстады. Сондай-ақ мекеме басшысының айтуынша, мамыр айының 1 мен 25 аралығында қалада жеті өрт тіркелген. Оның төртеуі мемлекеттік орман қорына тиесілі, ал үшеуі қала аумағында болған. Мемлекеттік орман қорының 20 гектар жері қызыл жалынның астында қалған. Келтірілген шығын 150 мың теңгені құрады. Бір қызығы, “Паша” жасаған қылмыстарының бәрінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып отырған.

“Барлық өрт күндізгі 12.00 мен 15.00 аралығында жасалған, ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр. Бір апта бойы орманшылар түскі уақытта қала сыртын қарауылдап, қылмыскерді қолға түсірді. Пашаның айтуынша, оған шөпті жағып, өртке қарап тұрған ұнайды”,- деп атап өтті Жүсіпов.

Талқылау