Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тәртіп бұзған балабақша тәрбиешілері сотта жауап берді

Павлодарда балабақшалардың бірінде істейтін қос қызметкер сот алдында жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

тәрбиешілер

Іс материалына сүйенсек, олар тынығу уақытында бір-біріне балағат сөздер жаудырған.

«Сот мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерін ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 10 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады. Алайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 819-бабына сәйкес айыппұл көлемін азайтуға себеп болатын жайттарды ескеріп, соманы 17 847 теңгеге төмендетті. Бұл оқиғаға байланысты Павлодар облысы білім беру басқармасына жеке қаулы жіберілді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, – деді баспасөз қызметінде.

 

 

Талқылау