Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда сыған әйел әжейді ұйықтатып 160 мың теңгесін алып кеткен

Павлодарда 92 жастағы әжей сыған әйелдің өзін алдап, ақшасын алып кеткенін айтты.

Көрнекі сурет

ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, сыған әйел көшеде кездескен әжейге ұлын танитынын айтып, таныса бастайды. Әжей оған сеніп, ұлдарының қайда тұратынын, өзінің қайда тұратынын айтып берген.

Сыған әйел кейуанадан не себепті дүкенге жалғыз келіп жүргенін де сұраған. Ақырында үйіне барып массаж жасап бермек болады. Ол үшін 10 мың теңге сұрайды. Әжей сұраған ақшасын берген. Сыған әйел ақшаның қайда тұрғанын көрген соң, әжейдің ұйықтағанын күтіп, кейін бар ақшасын қолды қылады. Ол 160 мың теңгені өзімен алып кеткен.

Әжей ұйқысынан оянғанда өзінің алданғанын түсінеді. Кейін полицияға шағымданады. Қазір күдіктінің кім екенін анықталып, іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау