Павлодарда сөндірілмей қалған темекіден 1 миллион теңге шығын келді

Луганск ауылында темекі тұқылын сөндірмеген азамат ауылдасына 1 миллион теңге шамасында зиян келтірді. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД хабарлады.


Полиция өрттің тұтануына себепші болған күдіктіні анықтады. Ол Павлодар ауданындағы Луганск ауылының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

“Ауылдасының ауласында темекі шегіп тұрып, тұқылын сөндірмей лақтыра салған. Содан өрт тұтанып, үй иесінің қысқы мал азығына жинаған 90 тонна шөбі жанып кетті”, – дейді ІІД өкілі.
Өрттің салдарынан келтірілген залал миллион теңгеден асады.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы («Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру»), 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары басталды.

Тағы оқыңыз:

Қазпоштада роботтар қызмет көрсететін болады

Шымкент әуежайы тұманды ауа-райына байланысты жабылды

Qazkom Халық банкіне қосылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар