Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда соққыға жығылған сәбидің әкесі қызын өз қамқорлығына алмақшы

Сейсенбі күні әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадағы соққыға жығылған кішкене қыздың әкесі оны өз қамқорлығына алмақшы деп хабарлады.

айлин1026

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Балалар үйінің мәліметінше, қыздың есімі Айлин екен. “Бүгін құқық қорғаушы органдары анасымен бірігіп, сәбиді сот медициналық сараптамасын жасатуға апарды. Қыздың көңілкүйі көтеріңкі, денсаулығы да жақсы”, — деді.

“Бүгін әкесі келді. Баланы алып кеткісі келеді. Нақты шешімді қамқоршылық және қорғаншылық органдары қабылдайды”, — деді ол.
Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған екі бейнежазбада белгісіз бір әйел жыламсыраған сәбиді балағаттап, ұрып соққан. Бейнежазбалардың бірінің астында әйелдің туған қызын бұрынғы күйеуін бопсалау үшін ұрғаны жазылған.

Бұған дейін ғаламторда анасының кішкентай қызын аяусыз ұрып жатқан жантүршігерлік видео пайда болды. Кейін туған анасынан зардап шеккен үш жасар қыз балалар үйіне жеткізілгенін хабарланды. Кейіннен желіде қызын аяусыз ұрып-соғатын әйелдің тағы бір видеосы пайда болғанын хабарлаған едік.


Жіберіп алмаңыз:

Ғажайыпты күтпеңіз, оны өзіңіз жасаңыз. Балуан Шолақтың шөбересі 10 бала асырап алды (фото)

Мейірімді жүргізуші жаяу жүргіншілердің шалшықтан өтуіне көмектесті (видео)

Әлемдегі ең жомарт жандар қай елде тұрады

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін келіншегін аяусыз соққыға жығып үйінен қуып жіберді

Талқылау