Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда Сириядағы соғысқа бармақ болған жігіт сотталды

Павлодарда лаңкестікті насихаттап, қарулы қақтығыстарға қатысу үшін Сирияға аттанбақ болған азамат сотталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

syria-rebels-jihad-idf.si_

Сурет peacebenwilliams.com

22 жастағы жігіт ендігі 4 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Былтыр Алматы қаласындағы діни медреселердің біріне түскен ол, кейін оқуын тастап Павлодар облысына қайтып келген. Тура жолдан таюына туған ағасы себеп болса керек.

Сирияда жүрген сол бауыры соғысқа шақырып, жолақысы ретінде 300 доллар жіберген. Осы ақшамен Қырғызстанға жеткен күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері шекарада құрықтады. Сириядағы соғысқа тыңғылықты дайындалғанын мойындаған жігіт енді бас бостандығынан айрылып отыр.

Талқылау