Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда шұжық ішінен құрт шықты

Павлодарда жергілікті кәсіпорындардың бірінде дайындалған шұжық ішінен құрттар табылды. Оны сатып алған тұтынушы өнімнің бүлінгенін үйіне әкеп турап жатқанда көріпті,-деп жазады КТК арнасы.

колбаса

Татьяна Солоха жарамдылығы маусымның соңына дейін деп көрсетілген шұжықты үй маңындағы дүкеннен 300 теңгеге алғанын айтады. Отбасына бутерброд әзірлемек болып шұжықты кескенде, ішінен жыбырлаған ақ құрттарды аңғарған. Бірден өндірушіге хабарласқан әйел еш жерге шағымданбауды жөн санапты.

Өйткені қолында бүлінген тауар үшін чек те болмаған. Ал ет комбинаты ішкі тексеріс жүргіземіз және шұжықтың дүкенде қандай жағдайда сақталғанын да көреміз депті. Кәсіпорын ет өнімдерімен қатар нан, сүт өнімдерін де шығарумен айналысады.

«Үйге келіп, бутерброд жасамақ едім. Шұжықты кесе бастағанда кішкентай ақ жәндіктерді байқадым. Менің ойымша, бұл шыбын құрты. Жүрегім айнып кетті. Балалардың ұшынып қалмағанына шүкір»,-дейді Павлодар қаласының тұрғыны Татьяна Солоха.

Талқылау