Павлодарда шұңқырдан табылған бүлдіршін үш күн бойы аш жатқан

Бейсенбі, 20 Сәуір , 2017 8:32

Павлодарда үш күн бұрын жоғалған бала шұңқыр ішінен тірі табылды. 4 жасар бүлдіршін әскери-техникалық мектеп оқушылары жаттығатын окопқа түсіп кеткен. Содан осы уақытқа дейін тоңып-шашырап, аш жатыпты, деп хабарлайды КТК.

70454

Айғайлап көмек шақырғанымен, онысын ешкім естімеген. Ал баланың жоғалғанын полицияға оның анасымен тұратын ер адам хабарлады. Әйелдің өзі бір аптадан бері арақтан бас көтермей жатыр екен.

Бүлдіршінге іздеу жариялаған тәртіп сақшылары алдымен оның үйінің маңын түгел шарлап шыққан. Баланы тәулік бойы іздеген полицейлер ақыры оны мына шұңқырдан тапты. Әскери-техникалық мектеп оқушылары жаттығатын окопқа түсіп кеткен бала мұнда үш тәулік түнеген.

“300-ден астам полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер қатысты. Сонымен қатар қызметтік иттер де пайдаланылды. Түні бойы іздеп таңғы сағат сегіз жарымның кезінде бала автодромның ішінде табылды. Ол шамасы екі метр шұңқырдың ішінде отырған”, – дейді Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Қатты жаурап, қарны ашып қалғаны болмаса, кішкентай Артур дін аман. Ауруханаға жеткізілген оның жағдайы қазір жақсы. Екі метрлік шұңқырда үш күн түнеген бүлдіршіннің өзі айғайлап көмек шақырдым дейді. Бірақ мұнда тірі жан келмепті.

Ал баланың анасы ұлы түгілі өзінің қайда қалғанын білмейді. Араққа сылқия тойып алған әйел аяғын әрең басады. Тілі күрметілген удай мас оны тіпті дәрігерлер айықтыра алмай әлек.

“Келіншек тоғыз күннен бері ішімдікке салынған. Жағдайы онша емес. Ауруханаға жеткізіп айықтырамыз”, – дейді жедел жәрдем қызметінің дәрігері Владимир Малыхин.

Күштеп емдеткеннің нәтижесі болар-болмасы белгісіз. Бір анығы, араққа салынып, баласын іздемек түгілі, есіне де алмаған келіншектің мәселесін енді полиция қарамақ.

Ұлына бас-көз болмаған әйелге қатысты әзірге тек әкімшілік хаттама толтырылған. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуге қатысты өз мiндетін дұрыс атқармаған азаматша енді бұл қылығы үшін істі болуы да мүмкін. Қазір полицейлер оны аналық құқығынан айыру үшін құжаттар дайындауда. Ал 4 жасар Артурдың өзіне балалар ауруханасында ем-дом жасалып жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар